10 және 26 мамыр аралығында Чехияда хоккейден әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы «В» тобында ойнайды және плей-оффқа шығу үшін Франция, Германия, АҚШ, Латвия, Польша және Словакия командаларымен тартысады. 5 мамырда біздің команда Прагаға жетіп, онда Ұлыбритания командасымен жолдастық матч өткізеді. Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы әлем чемпионатына қатысатын құрамды жария етті:
Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі - «Барыс»), Сергей Кудрявцев («Арлан»)
Қорғаушылар: Дмитрий Бреус («Торпедо»), Самат Данияр, Әділ Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров (барлығы – «Барыс») Артем Королев, Мади Диханбек (екеуі де – «Номад»), Леонид Метальников («Адмирал»), Валерий Орехов («Металлург»)
Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Батырлан Мұратов, Максим Мусоров, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Савицкий, Михаил Рахманов, Евгений Рымарев, Кирилл Савицкий, Аркадий Шестаков (барлығы – «Барыс»), Олег Бойко (екеуі де – «Номад»), Дмитрий Гренц («Арлан»), Никита Михайлис, Максим Мухаметов («Металлург»), Кирилл Панюков («Амур»)
*Ойыншылардың 2023/2024 маусымында келісімшарттары болған клубтар көрсетілген
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ