logo
8 апреля 2023
Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына дайындық жоспары

12 және 28 мамыр аралығында Латвияның Рига және Финляндияның Тампере қаласында шайбалы хоккейден әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы В тобында ойнайды, онда топтық кезеңде Канада, Чехия, Латвия, Норвегия, Словакия, Словения және Швейцария командаларына қарсы өнер көрсетеді. 10 сәуір күні маусымды өз клубтарында аяқтаған ойыншылар Астанада жиналып, жиындардың бірінші кезеңін өткізеді. 22 және 24 сәуірде «Барыс Аренада» Қазақстан құрамасының Оңтүстік Корея командасымен жолдастық ойындары өтеді. Әрі қарай 5 және 7 мамыр аралығында Астанада турнир өтіп, онда біздің ұлттық құрама Ресейге және Беларуське қарсы ойнайды. 8 мамыр күні команда Латвияға аттанып, онда 13 мамыр күні Норвегияға қарсы алғашқы ойынды өткізеді.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ