Қараша айында Алматыда хоккейден алғашқы Азия чемпионаты біздің құрама үшін үлкен абыроймен өтті. Турнирге «Altel» ұялы операторы ресми серіктестік етті. Оператор чемпионат өтетін кезеңге мұз аренасында жоғары жылдамдықты 5G интернетті қамтамасыз етті.
«Altel қазақстандық спорт әлеміндегі маңызды оқиғалардың әрдайым бел ортасынан табылады. Сондықтан біз мобильді оператордың хоккейден алғашқы Азия чемпионатының серіктесі болғанына аса қуаныштымыз. Оның үстіне, Қазақстан мұндай шараны алғаш рет өткізіп тұр. Айтып өтетін жайт, чемпионаттың өтуі биыл Altel-ге 30 жыл толуымен тұспа-тұс келді», – деді Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры Глеб Каратаев.
Altel компаниясы Алматыдағы хоккейден бірінші Азия чемпионатының ресми серіктесі болу ұялы байланыс операторы үшін үлкен мақтаныш екенін атап айтты. Бұл жайт компанияның Қазақстан спорты мен мәдениетін дамытуға деген ықыласын танытады. Соңғы жылдары Altel бүкіл ел бойынша өтетін спорт бастамаларына белсене араласып жүр. Мобильді оператордың бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесі спорттың қазақстандықтардың өміріндегі маңызын айқындайды және брендті тұтынушылармен байланысты нығайтады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ