logo
26 мая 2021
​Павел Акользин: «Барлығы шайқасып, шайбаны жата тістенуге бар»

Хоккейден әлем чемпионатындағы негізгі уақытта қол жеткізген алғашқы жеңіс пен үш ұпай. Павел Акользин жеңіс матчын салып, қарсылас қақпасына бағытталған буллитті алып берді, ал Роман Старченко оны сәтті жүзеге асырды.

Германиямен матчтағы алғашқы топ та, бүкіл команда да артқан үмітті ақтады. Өткен кездесу қаһармандарының бірі Павел Акользин матчтан кейінгі баспасөз конференциясында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

- Турнирге аттанғанда осындай керемет нәтижеге қол жеткізем деп күттіңіз бе?

- Біреуді жеңіп, плей-оффқа шығамыз деген үмітпен шықпасақ, турнирге аттанудың қажеті қанша? Біз мұнда жеңу үшін келдік. Жеңілу үшін аттанудың мәні жоқ. Қазір бізде бәрі жақсы, Құдай қаласа, әрі қарай да осылай жалғасады деп үміттенем.

- Өзіңіз салған гол мен ойын барысы туралы айтып берсеңіз.

- Бапкерлердің айтуынша, ойын бір жарым кезең бойы жақсы жүрді. Әрі қарай қарсылас екі шайба салған кезде сәл-пәл бәсеңсу болды. Бір сәттерде мен эмоциямды ұстай алмай, алаңнан аластатылдым, менің кесірімнен гол салды. Үшінші кезеңде өз айыбымды түсініп, команда алдында ақталғым келді. Ол қолымнан келді. Буллит алғаным жақсы болды. Рома Старченко айып соққысын салып жатқанда, мен тіпті теріс қарап тұрдым. Ромаға рақмет, мүлт кетпеді. Әрі қарай менің кезегім келді, ауысымға шықтым, Алексей Маклюковтан жақсы пас алдым, қақпашымен бетпе-бет қалдым, тек гол салу қалды, сала алдым. Қолдау көрсеткен командаға рақмет, бұл жеңіске тірнектеп жеттік. Жігіттердің бәрі жарады, қолдаған барша жанкүйерлерге де рақмет.

- Сіздер барлығын таңғалдырдыңыздар. Қазақстан командасын ерекшелейтін не?

- Біздің командада селқос жүрген ешкім жоқ, барлығы шайқасып, әрбір матчта жеңуге тырысады, шайбаны жата тістенуге бар. Барлығы ойыннан кейін мұз басып жүреді. Ештеңесі жоқ, бұл ойын, ауырған жерлер жазылады, ал нәтиже қалады. Бізде барлығы бір-біріне қорған, сондықтан Артем Лихотников айтқандай, ерекшелігіміз – бірлігімізде. Бізде мінез бар, сондықтан да матчтар осылай өтеді.

- Сіз бұған дейін болмаған әрбір үшінші соққыны жасап отырдыңыз, команда ойынында не өзгерді?

- Жіберіп алуға болмайтын жақсы сәттер болды және әрқайсысы үлкен сақтық танытты. Әрқайсысы гол салғысы келде, салынды ма, жалғаса берсін. 50 соққы жасап, бір де біреуін салмауға болады, сондай-ақ 4 соққы жасап, үш гол салуға, осылайша матчты жеңіп кетуге болады. Қанша соққы жасағаның маңызды емес.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ