logo
Павел Акользин: «Алдағы уақытта мұндайға жол бермеу керек»

Қазақстан құрамасы алғашқы жолдастық матчын Латвия командасына қарсы өткізді. Бірінші бақылау кездесуі алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Бірінші кезеңде Юрий Михайлистің ойыншылары қатарынан 3 шайба өткізді. Өткен кездесуге қатысты ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында шабуылшы Павел Акользин пікір білдірді.

- Биыл барлығыңыз түрлі клубтарда ойнап жүрсіздер, осы жыл ішінде алғаш рет бас қосқан шығарсыздар?

- Иә, бірге ойнамағалы көп болды, оның үстіне жігіттердің көпшілігі маусымды ерте аяқтады. Біреулерінің 4 ай ішіндегі алғашқы ойыны болды. Ауырлау. Ал ойынға қатысты бірінші кезеңде сүріндік, тәртіп болмады, аластатулар болды, мұны қарсылас пайдаланып кетті. Алдағы уақытта мұндайға жол бермеу керек, ойынға жинақы шығу керек. Ойынның екінші және үшінші кезеңдері бірқалыпты өтті, тіпті кей тұста біз басымдыққа ие болдық. Алайда шайба салуға сәл-пәл жетпеді. Олардың қақпашылары жақсы ойнады.

- Латвияның бірнеше жақсы қақпашысы бар сияқты ма?

- Иә, қақпашылары мықты және бүгін голкиперінің Құдайы берді. Бәлкім, біз де кей жерлерде біржақты ойнап, оны масаттандырып қойған шығармыз. Басқа сәттерде және ертең де, чемпионатта да айлалы ойнап, шайба салу керек.

- Тек бірінші кезеңнің соңына қарай қимылдай бастаған сияқты көріндіңіздер?

- Иә, оның үстіне арена, мұнда қатты ыстық болды. Біз басқа аренада сырғанадық, мында тек кеше келдік. Демалыс күні болды, таңертең дайындалдық, ал біз сырғанаған жерде мүлдем басқа мұз болды. Аяқ ауырлап, мұз бетінде қозғалу қиын болды. Бәлкім, бұл да ықпал еткен шығар. Қарсылас бас жағында шабуылға шықты, оған қоса трибуна қолдап, ойындары оңынан болды. Ал әрі қарай олар да әрең қозғалып жүрді. Аса қатты жүгірмедік, алайда бүгін тырыстық. Жігіттер, жалпы алғанда, жарады, әрі қарай дайындаламыз, қорқынышты ештеңе жоқ. Әрі қарай бәрі жақсы болады деп ойлаймын.

- Сен тіпті түйісіп қалдың ғой?

- Иә, сондай сәт болды, дене тұрқыммен ойнадым, сол ұнамаған болу керек, арқамнан клюшкамен итере бастады. Әрине, бұл маған ұнамады, оның үстіне есептің жайы анадай. Мен жауап бердім, алайда төбелеске жеткен жоқ, жәй соқтығысып қалдық.

- Алайда әлем чемпионатында қаталдау бола ма?

- Иә, қаталдау болады. Мұнда төрешілер де жергілікті, біздің ойыншыларды аластатты, ал олардың кейбір сәттеріне көз жұмуы мүмкін. Алайда төрешілерге жабатыны жоқ, өзіміз жинақы ойнауымыз керек еді.

- Сіздің Шевченкомен тіркесіңіз оралды ма?

- Біз Антон Сагадеевпен өткен әлем чемпионатында және «Барыста» да ойнадық, қазір Аркашамен. Бәрі жақсы, біз олармен сөйлесеміз, жаттығудан кейін нені жақсарту керектігін талқылаймыз, мұзға шығар алдында кім қайда жүгіретінін, белгілі бір жағдайда қалай әрекет ететінімізді келісіп аламыз. Тіл табысу бізге қиын болмайды деп ойлаймын.

- Бір-біріңе үйренісу үшін саған уақыт керек болған жоқ па?

- Барлық жігіттерді, қалай ойнау және не күту керектігін білемін. Ешқандай қиындық болмаған, болмайды да деп ойлаймын.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ