logo
6 февраля 2023
Павел Акользин мен Алексей Маклюков «Металлургпен» келісімшартты ұзартты

Қазақстан құрамасының ойыншылары Павель Акользин мен Алексей Маклюков магнитогорскілік «Металлургпен» келісімшартты ұзартты, бұл жөнінде ресми түрде клуб сайтында хабарланды. Қос ойыншы да келісімді екі жылға жасасты, келісімшарт 2025 жылға дейін созылған.

Алексей Маклюков «Барыстан» «Металлургке» 2021 жылдың маусымаралығында өтті. Биылғы маусымда хоккейшінің есебінде 55 матч бойынша +2 пайдалылық көрсеткішімен 8 (3+5) ұпай бар. Және орташа ойын уақыты 17 минут 26 секундқа созылды. ҚХЛ-да ол барлығы 368 матч ойнап, +30 жалпы пайдалылық көрсеткішімен 68 (13+55) балл жинады. Қазақстан құрамасы үшін қорғаушы әлем чемпионаттарында 12 матч өткізіп, өз қоржынына 4 (0+4) балл салды.

Павел Акользин «Металлургке» 2021 жылы өтіп, клубпен екіжылдық келісім жасасты. Биылғы маусымда Акользиннің есебінде «Металлург» үшін 47 ойын бар, «+6» пайдалылық көрсеткішімен 13 (9+4) ұпай жинады. Орта есеппен Павел мұзда 11 минут 58 секунд өткізді. Сондай-ақ форвард команданың кем құраммен салынған гол саны бойынша көшбасшысы – форвардтың есебінде төрт шайба бар. Қазақстан құрамасы үшін әлем чемпионаттарында форвард 24 кездесу өткізіп, 6 (4+2) ұпай жинады.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ