logo
20 ноября 2022
«Астана» және «Барыс» балалар ХК арасында өткен жолдастық матчтағы инцидентке қатысты ҚХФ-ның жауабы

А.ж. 19 қарашасында «Барыс» және «Астана» балалар хоккей командалары арасындағы жолдастық матч аяқталғаннан кейін қос тараптың ойыншылары мен өкілдерінің қатысуымен инцидент орын алды.

Аталмыш оқиғадан кейін Федерацияда басшылар мен қатысушы-командалар бапкерлерінің бірлесе отырып, мәселе егжей-тегжейлі қаралады. Талқылаулардың қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады.

ҚХФ болған жайтқа қатысты өз наразылығын білдіреді және отандық хоккейде, әсіресе, балалар-жасөспірімдер командалары арасында мұндай жайттардың жол берілмеуі қажеттілігін мәлімдейді.

Біз жағдайды әрі қарай да бақылауда ұстаймыз және хоккей спорт мектептерінің, сондай-ақ Қазақстанның клубтары мен командаларының басшыларын ҚХФ-ны біздің елімізде, сондай-ақ одан тыс жерлерде өткізілетін кез келген деңгейдегі жарыстар туралы хабардар етуге және осындай мән-жайларды болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдауға шақырамыз.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ