logo
27 апреля 2022
Қазақстан құрамасының ашық жаттығуы
Құрметті БАҚ өкілдері!

30 сәуір күні «Барыс арена» мұзайдынында 2022 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында хоккейден Қазақстан құрамасының ашық жаттығуы өтеді. Мұздағы жаттығу аяқталғаннан кейін бас бапкер және ойыншылармен сұхбаттасуға болады.

Іс-шаралар тізімі:

11:00-12:00 – Ашық жаттығу
12:00-13:00 – Ойыншылармен және бапкерлер штабымен сұхбаттасу

Сонымен қатар 30 сәуірде ашық жаттығудан кейін Қазақстан құрамасы ойыншыларының қатысуымен cross-ice форматында Нұр-Сұлтан қаласының БЖСМ балаларымен жаттығу матч өтеді.

2022 жылдың 13 және 29 мамыры аралығында Финляндияда хоккейден әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы А тобында Дания, Канада, Словакия, Швейцария, Германия, Италия және Франция командаларымен ойнайды. 3 мамыр күні команда Ригаға аттанып, онда 8 және 9 мамыр күндері Латвия құрамасымен жолдастық матчтар өткізеді.

Акрредиттеу үшін БАҚ-ты, өкілдердің аты-жөндерін, лауазымдарын көрсете отырып, press@icehockey.kz-ке өтінім жіберіңіздер. Өтінімдер 29 сәуір 15:00-ге дейін қабылданады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ