Өскемендегі Азия әйелдер чемпионатына аккредиттеу ашық

5 және 8 қараша аралығында Өскеменде хоккейден Азия әйелдер чемпионаты өтеді. Бұл турнирді Қазақстан хоккей федерациясы ұйымдастырып отыр және ол соңғы тоғыз жылда Қазақстанда осындай деңгейде өткізілетін алғашқы халықаралық әйелдер жарысы болмақ.
Турнирдегі жеңіс үшін төрт ұлттық құрама – Қазақстан, Жапония, Қытай мен Корея тартысады. Ойындар Борис Александров атындағы Спорт сарайының мұзайдынында өтеді.
Матчтар кестесі:
5 қараша
16:00 — Қытай vs Корея
19:30 — Қазақстан vs Жапония
7 қараша
14:00 — Жапония vs Корея
17:30 — Қытай vs Қазақстан
8 қараша
14:00 — Жапония vs Қытай
17:30 — Корея vs Қазақстан
Кіру тегін.
Турнирге аккредиттеуден өту үшін сілтеме бойынша нысанды толтыру қажет:
https://icehockey.kz/ru/akkreditaciya/.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ