16 октября 2025
Қазақстан құрамасы қатысатын хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының кестесі жарияланды
Халықаралық хоккей федерациясы бірінші дивизионның А тобы арасындағы жастар әлем чемпионатының матчтар кестесін жариялады. Турнир 7–13 желтоқсан аралығында Словенияның Блед қаласында өтеді. Элиталық дивизионға берілетін жалғыз жолдама үшін Қазақстан құрамасы Украина, Франция, Норвегия, Австрия және Словения командаларымен тартысқа түседі.
Матчтар кестесі:
2025 жылғы 8 желтоқсан, 00:30 – Украина – Қазақстан
2025 жылғы 9 желтоқсан, 00:30 – Қазақстан – Словения
2025 жылғы 11 желтоқсан, 00:30 – Қазақстан – Франция
2025 жылғы 11 желтоқсан, 21:00 – Норвегия – Қазақстан
2025 жылғы 13 желтоқсан, 21:00 – Қазақстан – Австрия
* Кестеде Словенияның алдағы қысқы уақытқа ауысуын ескере отырып, матчтардың уақыты Қазақстан уақытымен көрсетілген.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ