logo
15 апреля 2021
Қазақстан құрамасының 2021 жылғы әлем чемпионатындағы бапкерлер штабы

Алдағы 2021 жылғы әлем чемпионатының топ-дивизионында шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының бап бапкері ретінде Юрий Михайлис тағайындалды. Бас менеджер – Александр Корешков. Бапкерлер штабына сондай-ақ Андрей Шаянов, Максим Семенов, Александр Шимин, Ринат Абитов кірді.

Естеріңізге сала кетейік, ұлттық команда жиындары 29 сәуір басталады. 13 және 15 мамырда Ригада Қазақстан құрамасы Беларуське қарсы екі бақылау матчын өткізеді.
Кеңейтілген құрам кейінірек жарияланады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ