logo
6 апреля 2022
2010 ж.т. балалар-жасөспірімдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионы анықталды

1 және 4 сәуір аралығында елордада U-11 санатындағы «Ең мықтылар» тобының балалар-жасөспірімдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының финалдық төртінші туры өтті. Елордалық «Барыс» турдың 6 матчында 6 жеңіске жетіп, 64 балмен кесте бойынша ізін қуып келе жатқан қарсыластан 11 ұпайға озды. Чемпионаттың күміс медальдарын өскемендік «Торпедо», ал қола медальдарын қарағандылық «Юность» ойыншылары иеленді.

Маусымның үздік шабуылшысы – Мирас Жумабай («Барыс»), үздік қорғаушысы – Егор Губин («Юность»), үздік голкипер – Александр Петухов («Барыс»).

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ