logo
14 февраля 2024
Олимпиадалық іріктеу бойынша Қазақстан құрамасының барлық қарсыластары белгілі болды

Халықаралық хоккей федерациясы 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарындағы хоккей турнирі іріктеуінің финалдық раундына қатысатын топтар құрамын жария етті. Қазақстан құрамасы жолдама үшін D тобында Словакия, Австрия және Венгрия командаларымен тартысады. Матчтарды Братислава 2024 жылдың 29 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында қабылдайды.

Рига қаласында E тобында – Латвия, Франция, Словения және Украина, С тобында Дания, Норвегия, Ұлыбритания және Жапония таласқа түседі.

Олимпиада ойындарына жолдаманы финалдық біліктілік топтарының жеңімпаздары алады.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ