logo
2 ноября 2023
Олимпиада ойындарына іріктелім бойынша Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

Қазақстанның хоккей федерациясы олимпиадалық біліктілік турнирлері өтетін орындар мен күндерді анықтады. Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингтегі 15-орнының арқасында финалдық раундтан бастайды. Біліктіліктің D тобын Братислава 2024 жылдың 29 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында қабылдайды, жолдама үшін Қазақстанмен Словакия, Беларусь (қатыстырылса), және үшінші раундтан өткен команда (Q6) тартысады.

Барлығы олимпиадалық хоккей турниріне үш топқа бөлінген 12 құрама қатысады. Бөлініс әлемдік рейтингке сәйкес жүзеге асырылады. Тікелей жолдаманы 9 команда алды, олар – Канада, Финляндия, Ресей (қатыстырылса), АҚШ, Германия, Швеция, Швейцария және Чехия, сондай-ақ ОО иесі Италия.

Ресей мен Беларусь қатыстырылмаған жағдайда негізгі турнирде олардың орнын Словакия мен Латвия иеленеді, осыған байланысты біліктілік топтарындағы құрамдар да өзгереді.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ