logo
30 мая 2024
Қазақстан құрамасының Канададағы жастар ӘЧ топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

2024 жылдың 26 желтоқсаны мен 2025 жылдың 5 қаңтары аралығында Канаданың астанасы – Оттавада хоккейден жастар әлем чемпионаты өтеді. Алдағы турнирге қатысатын топтардың құрамдары анықталды. Осылайша, Қазақстан құрамасы В тобында Швеция, Чехия, Словакия және Швейцария командаларымен ойнайды. А тобында ширекфиналға шығу үшін АҚШ, Финляндия, Канада, Латвия және Германия командаларымен тартысады. Турнирдің плей-оффына әрбір топтан 4 командадан шығады, соңғы бесінші орындар алған ұжымдар өзара раунд ойнап, жеңгені әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік алады.

Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында біздің «жастар» Венгрияда өткен ІА дивизионындағы әлем чемпионатында бірінші орынды иеленіп, араға бес жыл салып жастар хоккейінің элитасына оралу мүмкіндігін иеленді. Соңғы рет 20 жасқа дейінгі біздің құрама Чехиядағы 2020 жылғы ЖӘЧ қатысты.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры


БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ