logo
27 мая 2022
2023 және 2026 жылғы әлем чемпионаттары өтетін орындар белгілі болды
2023 жылғы келесі әлем чемпионаты Латвияның Ригасы мен Финляндияның Тампересінде өтеді. 2026 жылғы әлем біріншілігі Швейцарияның Цюрихі мен Фрибургінде өтеді.
Шешім финляндиялық Тампереде өткен Халықаралық хоккей федерациясы конгресінде қабылданды.
Бұған дейін 2023 жылғы турнирді өткізуге Словения мен Венгрия бірлескен өтінім берген болатын, алайда өтінім қайтып алынды.
Швейцария 2020 жылғы әлем чемпионатын қабылдауға тиіс болып, алайда коронавирус пандемиясына байланысты өтпеген болатын.

Дереккөз: IIHF.com
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ