II «Азия балалары» қысқы халықаралық спорттық ойындарына қатысатын 15 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының (2007-2008 ж.т.) құрамы белгілі болды. Жарыстар 23 ақпан мен 5 наурыз аралығында Ресей Федерациясының Кемеров облысындағы Новокузнецк қаласында өтеді.
Команданың негізгі құрамын өткен маусымның қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионы атанған, сондай-ақ «Мықтылар» дивизионындағы ҚР чемпионатының өз жас тобында ағымдағы маусымның көшбасшысы болған «Барыс-2007» командасының ойыншылары құрайды. Сонымен қатар жаттықтырушылар штабы Қазақстан мен Ресей Федерациясының басқа клубтарында өнер көрсететін ойыншыларды шақыру туралы шешім қабылдады.
Команда құрамы:
Қақпашылар: Данай Шайиков («Авангард», Омск), Танирхан Алпысбаев – («Барыс», Астана)
Қорғаушылар: Раты Дурглишвили («Салават Юлаев», Уфа), Санжар Ибрагим, Алдияр Калелхан, Никита Ломако, Даниил Медведев, Аргын Мукашев (барлығы – «Барыс», Астана), Никита Сидоренко («СКА-Юность», Екатеринбург)
Шабуылшылар:
Амир Алпкарин, Алихан Бакыт, Адильхан Беккерев, Даниил Дронов, Давид Карапетян, Русланбек Карим, Бексултан Макыш, Тимур Миндубаев, Айтуар Нуржанов, Алишер Саркенов, Александр Симахин (барлығы – «Барыс», Астана), Корней Корнеев – («Авангард», Омск), Артур Глухих («Торпедо», Өскемен).
Бас бапкер: Верещагин Георгий Нодарьевич – «Барыс», Астана
Бапкер: Лысый Даниил Александрович – «Барыс», Астана.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ