logo
9 мая 2021
​2021 жылғы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы анықталды

Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы 2021 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамды белгіледі. Өтінімде 28 хоккейші – 3 қақпашы және 25 алаң ойыншысы.

Қақпашылар: Хенрик Карлссон, Андрей Шутов, Никита Бояркин

Қорғаушылар: Даррен Диц, Алексей Маклюков, Иван Степаненко, Джесси Блэкер, Виктор Сведберг, Егор Шалапов, Самат Данияр, Валерий Орехов, Кирилл Полохов
Шабуылшылар: Роман Старченко, Евгений Рымарев, Антон Сагадеев, Павел Акользин, Александр Шин, Саян Данияр, Әлихан Әсетов, Дмитрий Шевченко, Никита Михайлис, Кирилл Панюков, Дмитрий Гурков, Кертис Волк, Кирилл Савицкий, Аркадий Шестаков, Артем Лихотников, Егор Петухов.
Айтып өтетін жайт, Леонид Метальников медициналық көрсеткіштеріне байланысты әлем чемпионатына қатыса алмайды. Бапкерлер штабы жиынға қатысқан барлық хоккейшілерге алғысын білдіреді. 
Юрий Михайлис ойыншылардың таңдалуына қатысты ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында пікір білдірді:
«Құрамаға шақырылған әрбірі халықаралық деңгейде Қазақстанды таныстыруға лайықты – дейді Қазақстан құрамасының бас бапкері. – Біз барлығын бақыладық, соңғы күнге дейін үміткерлерді анықтаумен болдық. Таңдау оңайға соқпады. Ең алдымен жігіттерге ерен еңбектері үшін алғыс айтқым келеді. Өтінімге кірмегендерден алдағы уақытта үміт күтіп отырмыз. Олар Дмитрий Гренц, Дмитрий Степанов, Әділ Бекетаев, Александр Писарев, Мадияр Ибрайбеков, Михаил Рахманов, Максим Мусоров, Леонид Метальников, Демид Еремеев. Оларды ары қарай Қазақстан құрамасына шақырамыз деп жоспарлап отырмыз. Соңына дейін Леонид Метальников жарақатынан кейін қалпына келіп, бізге Ригада көмектеседі деп күттік. Алайда екіжақты матчтан кейін өзі келіп, жүз пайыз ойнауға дайын емес екенін айтты. Ол жарақатынан кейін әлі қалпына келмеді. Мұны азаматтық деп санаймын. Біз басқа қорғаушыға мүмкіндік бердік».
Естеріңізге сала кетейік, 21 мамыр мен 6 маусым аралығында Латвия астанасында топ-дивизионда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы Ригаға 10 мамыр күні жетіп, 13 және 15 мамыр Беларусь құрамасымен жолдастық матчтар өткізеді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ