logo
11 мая 2023
Қазақстан құрамасының Әлем чемпионатына қатысатын құрамы

Күні ертең 12 мамыр күні хоккейден әлем чемпионаты басталады. Қазақстан құрамасы «В» тобында Канада, Латвия, Швейцария, Чехия, Словакия, Норвегия және Словения командаларымен ойнайды. Ұлттық команданың бапкерлер штабы турнирге қатысатын түбегейлі өтінімді анықтады. Оған 25 хоккейші – 22 алаң ойыншысы мен үш қақпашы енді.

Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов, Максим Павленко

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Тамирлан Гайтамиров, Данил Бутенко, Мади Диханбек, Артем Королев, Кирилл Полохов, Валерий Орехов

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Никита Михайлис, Батырлан Мұратов, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Аркадий Шестаков, Абай Маңғысбаев, Максим Мухаметов, Әлихан Өмірбеков, Дмитрий Гренц, Максим Мусоров, Роман Старченко, Евгений Рымарев.

Қазақстан құрамасы бірінші матчты 13 мамыр күні Норвегия командасына қарсы өткізеді.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ