Олимпиадалық біліктіліктің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама ала алмады. Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Болякин матчтың қорытындысы бойынша пікір білдірді:
- Олег Владимирович, бүгінгі матчтың қорытындысы қандай? Басы сәтсіз болды, есеп қарсыластың пайдасына қарай шешіліп жатты. Сәтті бастауға не кедергі болды?
- Біз жігіттерді, әсіресе, жас ойыншыларымызды олар үшін мұның маңызды тәжірибе болатынын ескерттік. Алайда өз міндеттеріне асқан жауапкершілікпен қарау қажет. Өкінішке орай, жас жігіттердің көпшілігі психологиялық қысымға төтеп бере алмады. Бірінші кезеңде қарсылас басым болды. Екінші кезеңде біз ойын өрнегін өзгертіп, жақсы ойнай бастадық, одан кейін күмәнді аластату болды, бұл қарсыласқа шайбаны өз бақылауына өткізіп, үшінші голды салуға мүмкіндік берді. Онда да қателік болды – өз секторымызды беріп қойдық. Үшінші кезеңде жігіттер айтарлықтай жақсы ойнады, жігіттер тапсырманы орындады, қақпа түбінде жақсы ойын болды. Өкінішке орай, бір қадам жетіспеді. Өкінішті, алайда жігіттерге рақмет айттым, ешкімге өкпе жоқ. Біз бір командамыз, қателіктерге қарамастан бір отбасымыз.
- Үшінші кезеңде команда ойын тәртібін өзгертіп, кей тұстарда басым түсті. Нақты не жетіспеді?
- Шеберлік жетіспеді, себебі жас жігіттерді отырғызуға тура келеді, және біз үш звеномен ойнадық. Топтастырулар жұмыс жасады, алайда сергектік жетіспеді, себебі бұл қарқынды хоккей. Үшінші кезеңде еш мүмкіндік болмады. Біз жігіттерге бұрын ойнағандай хоккейді ойнап бастауды ұсындық, алайда олар ауысқанша, ойланғанша қарсылас негізсіз аластатулардың арқасында матчты өз бақылауына алды.
- Бұл құрама – қазіргі таңдағы үздік құрама деуге бола ма? Сенім артқан, алайда ойынға қоса алмаған ойыншылар болды ма?
- Қазіргі таңда үш звено – расында біздің үздік ойыншыларымыз. Алайда Аркадий Шестаков пен Леонид Метальниковтің жағдайлары мәз емес. Олар тұрақты чемпионатқа дайындалып, үлкен шаршаңқылықпен келген сияқты, ал біз біліктілікке дайындалдық. Оларға бейімделуге, қалыпқа келуге уақыт жетіспеді, әсіресе, Аркадийға.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ