logo
19 мая 2025
Олег Болякин: «Мұндай қысым кезінде ойыншылар дұрыс шешім қабылдай алмайды»
Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Болякин АҚШ-пен өткен матчқа қатысты пікір білдірді:
- Бірінші кезеңді активке жатқызуға болатын шығар, егер ойыншылар дәл осындай жанкештілікпен ойнап, барлық тапсырманы орындаса, оң нәтиже болады. Екінші кезең қиын болды, қарсыластар екпін қосты, орталық аймақта тағы да негізсіз шайбалар жоғалттық, одан кейін бізді бұғаттады. Осы екі гол психологиялық тұрғыдан әсер етті деп ойлаймын, жігіттерді сәл әлсіретті. Үшінші кезеңде жеңілмей, жеңуді өтіндік, көптеген ұтымды сәттер болды, сондықтан бірінші және үшінші кезеңдерді активке жатқызуға болады, жігіттердің салы суға кетпегені, берілмей, дұрыс қадамдар жасай бастағаны бізге ұтымды сәттер туғызып, гол салуға мүмкіндік берді.
- Бүгін де кешегідей бірінші кезең жақсы болды, команда қалған кезеңдерде неге қиындықтарға тап болады?
- Функционалдық күй шығар. Қарсылас тегеурінді мұнда. Мұндай қысым кезінде ойыншылар әрдайым дұрыс шешім қабылдай алмай, қателікке ұрынады. Екінші кезең – біздің осал жеріміз, олармен жұмыс жасаған жоқпыз. Шабуылдағы ауысу басты фактор, шабуылда іркіліп қалады, ойыншылар мұзда көбірек тұрып қалғанда тәртіп бұза бастайды. Чехия құрамасымен ойынды біз талқыладық, мұзда 50 секундтан, минуттан уақыт өткізеді, дұрыс ауыса білмейді, сондықтан кешігеді де жекпе-жектерде жеңіледі, қарсылас үстемдік алады, содан аластатулар болады.
- Әсетов болған жоқ, ротация ма әлде жарақат па?
- Жарақаты бар, арқасы ауырады. Жарақаттың қаншалықты ауыр екенін білмеймін, көреміз, ойнамайтын құрам қақпашылармен жұмыс жасап көреді, екі тәулік бар, көреміз.
- Кудрявцевтің ойынына қандай баға бересіз?
- Тек бесінші гол шығар, ондайларды қақпашы тойтаруы керек. Өкінішке орай, қақпашылар сенімдірек ойнағанын қалаймыз. Максим Павленко Норвегиямен ойында сенімді көрінді, одан кейін бізде осалдықтар болды, қайткенде де қақпашылар команданы ойыннан шығармауы тиіс, сол кезде команда оңайырақ ойнайды. Сергей өткізген қалған голдар қағып алу қиынға соғатын позициялардан салынды.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ