Олег Болякин: «Жігіттер барын салды, өкпе жоқ»

Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Болякин Чехияға қарсы өткен матчқа қатысты пікір білдірді:
- Бірінші кезең мазмұны бойынша жақсы болды, соққылар бойынша жеңілген жоқсыздар, шабуылда тегеурінді болдыңыздар, қалай ойлайсыз?
- Жігіттерге өкпе жоқ, барын салды, дегенмен, ойыншылар, әсіресе, қорғаушылар өздерінің тікелей міндеттерін орындауы тиіс. Және ойын соңындағы сенімділік коэффициенті кімнің өз міндеттерін орындағанын көрсетеді. Мысалы, Королев пен Гайтамировте өткізілгендер бағанында нөл тұр, қалған ойыншыларда минус 3, минус 4. Және бүгін біз бірінші кезеңді шабуылмен өткізіп, ойын барысында сенімді қимылдағанымыз, алайда осы өрескел қателердің салдарынан қорғаушыларымыз секторларын жоғалтты, жас жігітке, қақпашыға ойынға кірісуге мүмкіндік бермеді, бірге бір шығудан сүріндік, мұндай деңгейде өзінің тікелей міндеттеріне бұлай салғырт қарауға болмайды. Біз мұны талдаймыз, көрсетеміз, алаңдатарлық жайт. Біз күнде айтамыз, қағидалар орнатамыз, алайда ойыншылар міндеттерін толықтай түсінбесе, болмайды... Біз екінші кезеңге шықтық – қайтадан нөлге шықтық, бізге буллиттер қойды, қорғаныс ойыншылары мұндай командамен ойында бейімделе алмағаннан болуы керек. Чехтар қорғаныстан шабуылға лезде ауысады, олардың әлем чемпионы екені және ҰХЛ-да ойнайтындары бекерден бекер емес. Олар «дәмін алып», бізге бесінші гол салғанда, әрі қарай жеп-жеңіл өтті ойындары. Жігіттер барын салды, өкпе жоқ. Алайда ойынның мазмұны мен тапсырмаларды орындаулары бойынша олқылықтар бар. Екінші кезеңде ауысымдарға артық ойнамау керектігін ескерттік, кейбір жігіттер өз ауысымдарынан артық ойнады, соның салдарынан аластатулар болды. Олар шаршағандықтан тегеурінді хоккей көрсете алмайды.
- Әмірбековтің бүгін дебюті, қалай өткізді ойынды?
- Кей жерлерде жақсы, кей жерлерде тәжірибе жетіспеді.
- Ертең АҚШ-пен ойын, ойынға жоспар қандай?
- Қазір түзетулер жасаймыз, қорғаныс ойыншыларына жеткізетін мәселелер – олардың міндеті қақпаны қорғау керек екені, бетпе-бет келгенде ұшып кетпей, қарсыласты бос қақпаның алдында қалдырмау керек екені.
- Бірінші голды Вячеслав Колесников салды, бұл оның әлем чемпионатындағы алғашқы голы, бұл ойыншы туралы не айтасыз?
- Жігітті шайба салуымен құттықтаймыз, ол тырысты, бұл деңгейде алғаш рет ойнап тұр. Жаман көрінген жоқ, басқа ойыншылар жасамаған көп нәрсені Слава жасады, тырысты, жақсы гол салды, мұндай голдар жетіспейді бізге.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ