Олег Болякин: «Бұлай ойнауымызға болмайды»

Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Болякин журналистермен тілдесу барысында Венгриядан 2:4 есебімен жеңілуімізге қатысты пікір білдірді:
- Біз қозғалыстан жеңілдік, кезекті рет бейтарап шайбалар үшін тартыста жеңілдік. Қазір талдау жасап, талқылап жатырмыз. Неден болды? Себебін іздейміз. Алаңның түгелдей дерлік аймақтарында тартыспаймыз. Қарсыласқа көп мүмкіндік беріп, олар оны мүлт жібермеді. Концентрацияның мүлдем жоғалғаны алаңдатады, үшінші кезеңде жинақталып, шыққан соң ойнау керектігін ескертсек те солай болды. Өкінішке орай, біздің бірінші звено ойынды сәтсіз бастады, және үшінші кезеңді де сәтсіз бастады.
- Бірінші кезеңде өз аймағымыздан шығарда көп қате болды, ортамен беру, шайбаны қарапайым жағдайда беріп қою. Бәлкім, қорғаушылар кеше видеоны дұрыстап қарамаған шығар?
- Мәселе видеода емес шығар. Ол әрбір ойыншының басындағы мәселе. Біз барлығын көрсеттік, түсіндірдік. Бізде қателіктер қайталанып жатыр, осы алаңдатады. Тағы да айтам, біздің дәл бұлай ойнауға хақымыз жоқ. Екінші голды біз қарсыластың аймағында стандарттан алдық. Біз көп соққыда жеңіліп жатырмыз, шайбаны қолға тигізуде тым әлсіз ойнап жатырмыз, реакция әлсіз. Қарсыластың ойыншылары шайбаны іліп алып, шабуылға жүгіреді, ал біздің шабуылшылар оларға қарсы қимылдамайды, ойыншылардың жолын кеспейді, сондықтан қарсылас үстемдікке ие болып, бізге гол салады.
- Биылғы маусымда біз Венгриямен ойнадық, құрам шамамен осындай болды, бас бапкер ретінде өзіңіз болдыңыз. Бүгін ойыншыларды ынталандыру тұрғысынан бапкерлік штаб жұмысының осалдығы деуге келе ме?
- Хоккей даналағы – жеңетін команда, жеңілетін бапкер. Егер біз жеңілсек, әрине, кінә жалғыз менде. Демек, біз дұрыстап ынталандырмадық, жеткізе алмадық.
- Дмитрий Бреус пен Евгений Рымарев ойынға қосыла алды ма?
- Жаман емес. Дмитрий Бреус айтарлықтай сенімді көрінді. Оның қателері командамен бірге жаттыққан ойыншыларға қарағанда азырақ болды. Бұл алаңдатады. Олардың қабылдаған шешімдері біз үшін де жұмбақ екенін айттық. Стандарттан кейін тікелей пас беру деген тапсырма болды, алайда қорғаушылар ұзақ пастарды іздей бастады.
- Ертең топтың аутсайдері – барлық матчтарда жеңілген Дания құрамасымен матч. Дайындық жоспары қандай?
- Ең бастысы – жеңілістен кейінгі ауыр жүктен арылып, дұрыстап қалыпқа келу. Дания құрамасы жеңілді, алайда ол кілең фавориттерден жеңілді, біз мұны жақсы түсінеміз. Оның үстіне, онда білікті ойыншылар бар, мықты команда. Барымызды салуымыз керек. Норвегиямен ойында біз өзімізді жеңіп ойнадық, тартысқа шықтық, қаймықпадық, нәтиже де оң болды. Әлем чемпионатында ондай жанкештіліксіз жеңу қиын. Еуропалық хоккей өсіп келеді, барлығы өздерін көрсеткісі келеді. Өкінішке орай, бізде осылай болып қалды – жеткізе алмадық.
- Кеше құрама демалды. Команда немен айналысты?
- Біз аренаға келдік, велоэргометр бағдарламасын жасадық. Қалыпқа келуге тырыстық, себебі қатарынан екі ауыр ойын болды. Кещегі күн ештеңеге әсер еткен жоқ, біз бүгін жақсы сырғанадық. Аса пікір білдіретін ештеңе жоқ. Дайындалып жатырмыз. Бұл ойын үшін жанкүйерлердің алдында кешірім сұраймын, бұлай ойнауымызға болмайды. Бұл жеңіліс үшін жауапкершілікті толықтай өз мойныма аламын.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ