logo
30 августа 2024
Олег Болякин: «Бізге бүкіл ел көз тігіп отыр»

Венгрияға қарсы матчтағы жеңістен кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Болякин ойынға қатысты пікір білдіріп, жекелеген ойыншылардың ойынын бағалады:

- Олег Владимирович, есеп жақсы, алайда басында қарсыластың соққы боратқанына қарап ойын бойынша қандай қорытындылар жасауға болады?

- Біріншіден, барлық жанкүйерлерді жеңіспен құттықтаймын. Жалпы алғанда, біз әзірлеген ойын жоспары өз нәтижесін берді. Келісем, біз бастапқыда төтеп берумен айналыстық, себебі бұл қарсыласпен бұрын кездесіп көрмедік және оның қандай екенін білмедік. Біз видео қарадық, жігіттерге қарсыластың белсенді хоккей ойнайтынын, қапталдар мен ортаны жабатынын ескерттік. Бірінші және екінші кезеңде барлығы біз жоспарлағандай болмады. Кейінірек біз қорытынды жасап, жігіттерді Президент Кубогінде көрсеткен хоккейді ойнауын өтіндік. Екі қапталдағы шабуылшылармен бірге белсендірек ойнай бастадық және үшінші кезеңде басым болып, өз бақылауымызда ұстадық, көптеген сәттер туғыздық. Әрине, қорғаушылар бойынша мәселелер бар, олармен әлі айналысамыз, әсіресе, шабуылдарды тежеп, пятакте ойнау бойынша талқылау қажет. Бұл қауіпті орын және нәтижесінде екінші голды өткізуге болмайтын. Мұндай деңгейде жігіттер ойынға толық жауапкершілікпен кірісу қажет, себебі олар үшін тұтас ел жанкүйер. Сондықтан гол өткізбеу үшін кеуделерін оққа төсегендей ойнаулары тиіс.

- Бізде ұлттық құрама үшін үш ойыншы: Михайлов, Демин және Оспанов дебют жасады. Сіз олардың халықаралық матчтардағы ойынына қандай баға бересіз? Олар командаға қаншалықты кірігіп кетті?

- Олар жеңіске жетуімізге белгілі бір үлес қосты деп ойлаймын. Михайлов, Демин мен Оспанов өздерін жақсы көрсетті, әрине Қайыржан қарсы шабуыл ұйымдастырып қате жіберген сәттер де болды. Демин, Оспанов пен Михайлов ойынға жігер қосты, бұл командаға белгілі бір серпіліс әкелді. Қорғаушылардың үш жұбына өтуге тура келді және сондықтан Михайлов орындықта қалды, әйтпесе оның ойыны бойынша ешбір шағым жоқ. Оспанов өзін әдеттегідей нағыз «энерджайзер» ретінде көрсетті, жақсы қозғалады және командаға көмектеседі. Екінші кезеңде біз ойынды бақылауға алу үшін үш звеноға көштік, ал үшіншіде белсендірек ойнауды ұсындық және жігіттер оны орындады. Қорғаушыларымыздың сүрінгені болмаса, олар шабуылды тежемес еді. Ойыншылар ойын ырғағының өзгерісіне жылдам бейімделуі тиіс.

- Қазір Олимпиадалық біліктілік өтіп жатыр және құрамада буындар ауысты. Құрамада Роман Старченко сияқты ойыншылар бар, ол үшін бұл Олимпиадаға барудың соңғы мүмкіндігі болуы мүмкін. Жігіттерді жинағанда не айттыңыз?

- Мұнда көп сөздің қажеті жоқ. Белгілі бір мақсаттар мен міндеттер бар және бізге бүкіл ел көз тігіп отыр. Қазақстан сүйікті ісімізбен айналысуға мүмкіндік берді, біздің ендігі мақсатымыз – тартысып, Олимпиадаға жолдама алу. Жігіттер осы идеямен жүр, оның үстіне отансүйгіштік сезім бар. Біз осы жерде туып-өстік, енді қолымыздан келгеннің барлығын беруіміз керек.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ