Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Болякин чехиялық «Pirati» командасымен жолдастық матчты қорытындылады, аталмыш матчта Қазақстан құрамасы 4:2 есебімен жеңіске жетті.
- Бірінші кезеңде аса сенімді болмады, Аркадий Шестаков, Леонид Метальников пен Дінмұхамед Қайыржан тек кеше түнде келді. Бірінші кезеңде Борисевич пен Рахмановқа ойнауға мүмкіндік бердік, алайда олардың ойыны көңіл көншітпеді. Екінші ойында ойын ережесін ауыстырып, өзіміз үйренген хоккейді ойнауларын өтіндік, әрі қарай басым бола бастадық. Ұтымды сәттер көп болды, тіпті бір емес, үш голға. Қарсылас команда – мығым ұжым, өзара төселген, қорғаныстан шабуылға өтеді. Бізде негізсіз сүрінулер болды, видеоларды қараймыз, түзетеміз. Біз таңмен жаттыққан артық құрам жақсы болды, екеуден екеуін жүзеге асырдық. Қазір екінші бригада ұйымдастыру мүмкіндігі бар, аса сендірмеді, тағы бір «Б» нұсқасы бар, оны ертең және Братиславадағы жаттығуда жасаймыз.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ