Хоккейден Қазақстан құрамасы күні ертең ҚР Президенті кубогінің алғашқы матчын тольяттилік «Ладаға» қарсы өткізеді. Команданың бас бапкері Олег Болякин турнирге дайындық, сондай-ақ олимпиадаалды іріктеу матчтарына құрамның жасақталуы туралы айтып берді:
- Қазақстан құрамасының Президент кубогіндегі мақсаттары мен міндеттері айқын – Олимпиадалық іріктеуге дайындық. Біз ойыншылардың кеңейтілген тізімін алып бара жатырмыз, жігіттер басқа командалардан, «Сарыарқадан», «Арланнан» келді, «Хумодан» келетін жігіттер – Иван Степаненко мен Артем Лихотниковті күтті. Алайда олар қазір Ташкентте Достастық кубогіне қатысып жатыр, біз клуб басшылығына келісім беріп, олардың сонда ойнағаны тиімдірек деп шештік. Президент кубогінде бұрын құрамға енбеген ойыншыларды қараймыз. Біз оған келістік, қазір жаттығулар жүріп жатыр. Бүгін артық құрам мен кем құрамды пысықтадық. Ертең бастаймыз, ал талдауды ойыннан кейін жасаймыз.
- Ойыншыларды маусымалды кезеңнен жіберуі үшін қалған клубтармен қалай келістіңіздер?
- «Сарыарқа» мен «Арлан» еш қиындықсыз берді, олар Сергей Кудрявцевті алмауымызды сұрады, біз Рязаньнан Максим Павленконы шақырдық, ал келіп қойды. Дмитрий Бреус те солай. Кешке Кирилл Панюков ұшып келеді, олардың барлығы ертең қосылады да, ойнайды деп үміттенеміз. Клуб басшылықтарымен түйткіл болған жоқ. «Металлургтің» өз турнирлері бар және бапкерлері өте білікті, Никита Михайлис пен Валерий Орехов физикалық дайындық та, ойын тәжірибесін алады. Жігіттердің барлығы осында 19 тамызда жиналады. Ал Аркадий Шестаков, Леонид Метальников пен Андрей Шутов құрамаға Словакияда қосылады. Леонид Тамбиев ойыншыларды құрам жасақталғанша «Адмиралда» қалдыруды өтінді, ал Аркадий олардың жаңа ойыншысы, сондықтан оған жаңа үйлесімдер іздеуде. Сондықтан олар бірден Братиславаға ұшып барады да, команда толық құраммен жиналады.
- Яғни, негізгі құраманың барлық ойыншылары қосылады ғой?
- Иә, біліктіліктен өткендер, барлық көшбасшылар болады. Жігіттердің барлығы Олимпиада ойындарына жолдама үшін тартысуға бел буды.
- Қазір кеңейтілген тізімге енгендердің барлығы Братиславадағы турнирге баруға мүмкіндік ала ма?
- Ротация болады, біліктілікке құрама кеңейтілген құраммен – шамамен 25 хоккейші барады. Ешкімге орын дайындалмайды, әрбір ойыншы өзінің мықтылығын дәлелдеуі тиіс.
- Президент кубогі форматы біліктілікке дайындық тұрғысынан қаншалықты жеткілікті тәжірибе саналады?
- Президент кубогі – бұл деңгейде ойнамаған жігіттер үшін тамаша тәжірибе. ҚХЛ-дың барлық командалары, «Амур» мен «Лада» өткен жылы плей-оффта ойнады, өте мазмұнды ойындар көрсетті, командалар мықты. Бізге мұндай спарринг серіктестер жігіттердің қарсыласқа қалай төтеп бере алатынын байқау үшін қажет.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ