Олег Болякин: «Ойыншылар мықты, беріспеді»

Хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері Астанадағы 1XBET Qazaqstan Hockey Open турнирін қорытындылады:
- Оң тұстар туралы әңгімелесек. Біз мықты командаларға қарсы шығатынымызды түсіндік, Ресей құрамасы ҚХЛ ойыншыларынан құралғанын білдік. Біз әзірге енді бастадық, жігіттердің кейбірі жақында ғана жиналды. Бүгінгі матч бойынша айтар болсақ, ойыншылар – мықты, соңына дейін беріспеді. Қақпа алуға мүмкіндіктер болды. Біз бір гол салып, онымызды есепке алмады. Осы көңіл күймен біз әлем чемпионатына аяқ басамыз. Бейтарап шайбалар үшін күресу қажет, қақтығысқа батылырақ бару керек.
- Бүгін құрамда Валерий Орехов болмады. Неліктен?
- Валера жаттығуда жарақат алды. Бірінші матчта ойнады, бірақ жайсыздықты сезінді. Сондықтан оны қинамайық дедік. Роман Старченконың жағдайы жақсы, бұл ойыншылар сенімділік пен салмақ қосады.
- Валерий әлем чемпионатына бара ма?
- Әрине. Оны осыған дейін сақтап келдік, әзірге толық қалпына келген жоқ. Қисынсыз жарақаттың жөні жоқ. Басты ойындарымыз әлі алда.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ