6 ноября 2026
Қазақстан хоккей федерациясы атқарушы директорының ресми түсініктемесі

Бірқатар шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Қазақстан хоккей федерациясы ресейлік хоккейшілерге бойкот жариялауды қолдады деген мазмұндағы ақпарат таралуда.
Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды.
Қазақстан Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) толыққанды мүшесі және өз қызметін ұйым жарғысы мен регламенттеріне қатаң сәйкес жүзеге асырады.
Біздің ұстанымымыз бойынша, ұлттық құрамалардың халықаралық жарыстарға қатысуына рұқсат беру және әлем чемпионаттарына қатысушылар құрамын айқындау мәселелері Халықаралық хоккей федерациясының айрықша құзыретіне жатады. Мұндай шешімдер тиісті сот органдарының ұстанымы мен қолданыстағы халықаралық спорт нормалары ескеріле отырып қабылдануға тиіс.
Қазақстан хоккей федерациясы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, спорттағы адал бәсекелестікті қамтамасыз ету және барлық қатысушы үшін тең жағдай қалыптастыру қағидаттарын тұрақты түрде қолдайды.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ