3 және 6 қараша аралығында Қазақстан құрамасы Санкт Петерборда өтетін Болашақтың кубогіндегі турнирге қатысады. Біздің хоккейшілер 20 жасқа дейінгі Ресей және Беларусь құрамаларымен, сондай-ақ Ресейдің жасөспірімдер командасымен (U18) ойнайды. Өтінімге 23 хоккейші – 2 қақпашы және 21 алаң ойыншысы енді.
Келесідей құрам ұсынылды:
Қақпашылар: Владимир Истомин («АКМ-Юниор», ЖХЛ), Руслан Какенов («Ястребы», Орал)
Қорғаушылар: Артем Авдеенко, Роман Большедворский, Бейбарыс Оразов, Глеб Решетько, Семен Роев (барлығы – «Снежные Барсы», ЖХЛ), Дмитрий Бреус («Чайка», ЖХЛ), Игорь Пономарев («Тайфун», ЖХЛ), Кирилл Хан («Торпедо», Өскемен)
Шабуылшылар: Әділ Бейсембаев, Роман Ермак, Кирилл Канкин, Владимир Корчагин, Кирилл Ляпунов, Алдияр Нұрлан, Александр Мигунов, Асанәлі Русланұлы, Семен Симонов, Никита Ситников, Егор Смольянинов (барлығы – «Снежные Барсы», ЖХЛ), Даниил Свинтальский («Арлан», Көкшетау), Данила Пиниди («Бейбарыс», Атырау)
Бапкерлер штабы:
Бас бапкер: Сергей Старыгин
Бапкерлер: Андрей Шаянов, Ильдус Габдрахманов, Александр Колюжный
Бас менеджер – Александр Корешков
2 қарашада жастар құрамасы Санкт-Петерборға аттанып, 3 қараша күні алғашқы матчын Ресейдің U20 құрама командасына қарсы өткізеді.
Назарларыңызға команданың жаттығуынан фоторепортаж ұсынамыз.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ