logo
20 ноября 2023
«Номад» Құрлықтық хоккейдің финалына шықты

Францияның Гренобль қаласында Құрлықтық кубоктің Е тобының матчтары аяқталды. Үшінші раундтың қорытынды матчында «Номад» латвиялық «Земгалемен» кездесті. Бұл ойында қазақстандық ұжым 4:1 есебімен жеңіске жетті. Николай Шульга дубль жасады, Максим Мусоров пен Диас Гусейнов бір-бір шайбадан салды.

Ең қиыны, турнирдің валийлік «Кардиффке» қарсы алғашқы матчы болды. 54-ші минутта «көшпенділер» 5:2 есебімен алда келе жатып, екі шайба өткізіп, жеңісті уыстан шығарып ала жаздады. Әйтсе де, 5:4 есебімен жеңді.

Алаң иелері «Гренобль» командасымен екінші ойында Федор Полищуктің ойыншылары 2:0 есебімен жеңді.

Осылайша, жүз пайыздық нәтижемен Е тобында «Номад» хоккейшілері Құрлықтық кубоктің финалдық раундында өздеріне орын дайындап қойды. Беделді жүлде 2024 жылдың қаңтарында ойнатылады. Турнирдің шешуші кезеңіндегі «Номадтың» қарсыласы сәл кейінірек белгілі болады.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ