logo
30 августа 2024
Никита Михайлис: «Барлығы турнирдің маңыздылығын түсінеді»

Олимпиадалық біліктіліктегі Венгрияға қарсы матчта Никита Михайлис хет-трик жасады. «Металлург» форварды алдымен есеп ашып, одан кейін команданың минималды үстемдігін екі рет нығайтып, үш шайба алшақтығын орнатты. Матчтың қорытындысы бойынша үздік ойыншы атанды.

- Бірінші кезең аса жақсы өтпеді, барлығы түсінеді, бірінші ойын, қобалжу бар дегендей. Біртіндеп кірігіп, жылдам бейімделдік, оларға көбірек кеңістік бердік, бастысы өз қақпамызды қорғадық. Жақсы шабуылдар ұнады, барлығы турнирдің маңыздылығын түсінеді.

- Құрамадағы алғашқы хет-трик пе? Қандай сезімдесіз?

- Ресми матчтардағы алғашқысы шығар. Жолдастық матчтарда болған. Алайда оған мән бермейсің, мақсатымыз бір, содан ауытқымаймыз. Тек жеңісті ойлаймыз.

- Маусымның кейінірек басталуы үйреншікті емес, сіздер 1 тамызда ғана шықтыңыздар да құрамамен бірден маңызды турнирге бет қойдыңыздар. Бап тұрғысынан өздеріңізге қандай баға бересіздер ме?

- Жақсы қалыптамыз, дайындық оңтайлы өтті, барлығымыз кәсіби ойыншылармыз және барлығымыз дайындықты ертерек бастап кетеміз. Бір айлық жиын жеткілікті. Маусымға өз бабымызда аяқ бастық.

- Маусым қызу өтті, Кубок финалы, әлем чемпионаты болды, демалып үлгердіңіздер ме?

- Демалыс жасқы ғой, алайда біз дайындық керек екенін түсінеміз, жұмысымыз осындай, әрдайып қалыпта болуымыз керек.

- Құрамаға екі ардагер – Степаненко мен Лихотников оралды…

- Аса ардагер деуге келмейді, жас қой (күледі)

- Олардың оралуы туралы не айтуға болады, олар қандай үлес қосты?

- Жігіттер мықты, ойынға беріледі, командаға пайда әкеледі.

- Австрияға қалай дайындалу қажет?

- Менталдық тұрғыдан демалып, дайындалу. Барлығы турнирдің қаншалықты маңызды екенін түсінеді және мұнда ешқандай сылтау, демалысқа аз уақыт қалды деген болмауы тиіс, барлығымыз бірдей жағдайдамыз.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ