logo
22 января 2024
Никита Михайлис «Металлургпен» келісімшартты ұзартты

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Никита Михайлис магнитогорскілік «Металлургпен» келісімшартты үш жылға ұзартты. Ұлттық командамыздың көшбасшыларының бірі бұл клубта бірінші маусымын өткізуде, 53 матч барысында ол +3 пайдалылық көрсеткішімен 32 балл (15+17) жинады.

«Клубпен келісімшартты тағы екі жылға ұзартқаныма қуаныштымын. Маған барлығы ұнайды. Ойыннан керемет ләззат аламын. Бізде бір ғана міндет бар – бұл кубок. Сондықтан әрбір ойын сайын арманымызға жақындап, өз ойынымызды жақсартамыз. Барлығы алда!», - деді Михайлис.

Қазақстан құрамасы үшін форвард әлем чемпионаттары аясында 36 матч өткізіп, барлығы 27 (15+12) балл жинады.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ