logo
1 июня 2023
Никита Михайлис «Металлургке» өтті

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Никита Михайлис магнитогорскілік «Металлургпен» келісімшарт жасасты. Келісім 2023-2024 жылғы маусымға жасалды.

Өткен маусымда Михайлистің есебінде 41 (15+26) нәтижелі балл мен маусым бойынша 58 ойын болды, пайдалылық көрсеткіші "+3". Сондай-ақ шабуылшы «Барыстың» капитаны болды. ҚХЛ-да форвард барлығы 411 матч өткізіп, "+6" пайдалылық көрсеткішімен 221 (99+122) ұпай жинады. Орта есеппен әр ойында 14 минут 49 секунд және 18.9 ауысым өткізді.

Форвард Қазақстан құрамасы үшін барлық жас санаттарда – жасөспірімдер, жастар және ұлттық құрамаларда өнер көрсетті. Өткен әлем чемпионатында 7 матч өткізіп, 5 (2+3) балл жинады және команданың екінші бомбардирі атанды. Ұлттық құрама сапында әлем чемпионаттарында барлығы 36 матч ойнап, 26 (14+12) ұпай жинады.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ