logo
5 июня 2023
Никита Михайлис: «Әрі қарай жылжуым қажет»

Ұзақ жылдар бойғы «Барыстағы» мансабынан кейін Никита Михайлис алғаш рет клуб ауыстырды. Қазақстан құрамасының шабуылшысы магнитогорскілік «Металлургті» таңдады, аталмыш клубта Валерий Орехов ойнайды және жақында Максим Мухаметов те ауысты. «Металлургтің» баспасөз қызметіне берген сұхбатында форвард әлем чемпионатын қорытындылап, дайындыққа қатысты жоспарларымен бөлісті.

- Никита, әлем чемпионатын қалай қорытындылар едің?
- Біз жақсы өнер көрсеттік деп санаймын. Жігіттердің көпшілігі мұндай деңгейдегі турнирге алғаш рет шықты, алайда жақсы ойнады. Әрине, кейбір тұстарда жақсырақ ойнауға болушы еді, алайда болары болды. Қателіктерден сабақ алып, алынған тәжірибемен келесі жылға аяқ басу қажет.

- Көпшілігі сіздің команданы ұшып кетеді деп болжады, алайда лайықты өнер көрсеттіңіздер.
- Иә, біз жігіттермен талқылап, ешкімге иек артпай, өзіміз ойнауымыз керек деп шештік. Біздің ұжымымыз тату болды, барлығымыздың ойымыз бір жерден шықты.

- Сіздер словактарды, словениялықтар мен норвегтерді бірдей 4:3 есебімен жеңді. Бұл жеңістердің әрбіріне қалай қол жеткіздіңіздер?
- Әр ойында біз ұтылып келе жатқан жерімізден есе қайтарып отырдық, алайда бір-бірімізге сендік, берілмей, өз сәттерімізді жүзеге асырып отырдық. Оның үстіне, қақпашының ойыны көмектесті.

- Әлем чемпионатынан алған әсерің қандай? Көпшілігі турнирдің деңгейі төмендегенін айтуда. Солай ма?
- Олай демес едім. Біз онда қатарынан үш жыл ойнап келеміз. Жыл сайын онда ҚХЛ мен басқа да лигалардан әртүрлі жігіттер келеді. Ондағы деңгей жоғары. Әрдайым үйренетін және жақсартатын дүниелер табылады. Бұл турнирде мықты командалар мен жақсы ойыншылар ойнайтынын көріп келеміз, сондықтан үйренеріміз көп. Жыл сайын дамып отыру қажет.

- Енді ҚХЛ-ға келсек. Неліктен «Металлургті» таңдадың?
- Бұл – бірнеше мәрте чемпион атанған, тарихы терең команда. Мұнан басқа, ол маған ойын стилі бойынша келеді. Барлық шарттарды талқылап, осыдан кейін бұл мен үшін ең жақсы шешім екенін түсіндім. Осылайша, «Металлургке» өту туралы шешім қабылдадым.

- Тоғыз маусымды өткізген «Барыспен» қоштасу қаншалықты қиын болды?
- Әрине, оңай болмады. Мұнда мен екінші команда мен ЖХЛ-дан басталған бүкіл мансап жолымды өткіздім. Алайда ештеңе жоқ, әрі қарай жылжуым қажет. «Барысқа» барлығы үшін алғыс айтамын!
   

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ