logo
30 августа 2022
Никита Михайлис – Қазақстанның үздік хоккейшісі

Спорт журналистері өткен маусымның қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік хоккейшісін анықтады. Конкурс еліміз Тәуелсіздік ала салысымен құрылып, хоккей шолушысы Максим Карташовтың жетекшілігімен өткізілді. Оның ісін ҚР Спорт баспасөзі федерациясының басшысы Ильяс Омаров жалғастырып келеді.

Өткен 31-ші сауалнамаға 32 отандық журналист қатысты, олардың әрқайсысына өткен маусымда көзге көбірек түскен үш мықты ойыншыны атау ұсынылды. Жыл хоккейшісі атағына тек қазақстандықтар ғана емес, сондай-ақ отандық клубтар үшін ойнайтын легионерлер де номинацияланды. Әдеттегідей бірінші орын үшін – үш ұпай, екінші орын үшін – екі, үшінші орын үшін бір ұпай берілді.

Сауалнаманың қорытындысы бойынша 2021-2022 жылғы маусымдағы үздік хоккейші Никита Михайлис болды, сауалнамада екінші орынды Валерий Орехов, үшінші орынды Роман Старченко алды.

Михайлис бұл мәртебені екінші рет иеленіп отыр. Ол осыдан 5 жыл бұрын 62 ұпай жинап, үздік атанған болатын.

Екінші орынды маусымаралықта «Барыстан» магнитогорсктік «Металлургке» өтіп, 32 ұпай жинаған Қазақстан құрамасының қорғаушысы Валерий Орехов иеленді.

Рейтингте үздіктер үштігін «Барыстағы» 14 маусымнан кейін мәскеулік «Спартакқа» өткен ұлттық құраманың капитаны Роман Старченко тұйықтады. Биыл 19 ұпай жинаған отандық хоккейдің майталманы бұған дейін үш рет Қазақстанның үздік хоккейшісі атанды – соңғы рет алдыңғы жылы.

Старченкодан бір ғана ұпайға құрама мен «Барыстың» форварды Кирилл Савицкий кем жинады. Жиғаны – 18 ұпай.

Қазақстан Республикасының спорт баспасөзі федерациясы

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ