Никита Бояркин: «Буллиттер қашан да қиынға соғады»
Никита Бояркиннің тамаша дебюті Қазақстан құрамасына әлем чемпионатының алғашқы матчында Латвияны жеңуге көмектесті. Ойыннан кейін голкипер өз әсерлерімен бөлісіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
- Керемет әсердемін, жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Буллитпен аяқталған ауыр матч болды, ал буллиттер қашан да қиынға соғады. Дәл осы қарқында жалғастырамыз.
- Матчта қандай сәттер есте қалды?
- Буллиттер есте қалды, себебі ойын барысында қарсылас қақпамның алдына көп өткен жоқ, көп соққыны ойыншылар күтіп алды.
- Матчқа деген дайындығыңыз қалай болды?
- Кез келген матчқа дайындалғандай шықтым. Алайда әрбір қақпашының өзіндік дәстүрі бар, оларды жария етпей-ақ қоялық.
- Егер латвиялықтар жанкүйерлерімен бірге ойнағанда, ойын басқаша өтуі мүмкін бе еді?
- Жанкүйерлерге аса қатты мән бермейміз, алайда олар болғанда қарсылас жеткізбес еді, бұл бізге қиындық туғызып, бізге шабуылды үдетер еді. Жанкүйер отырса, тіпті шаршағанына қарамай, белсендірек ойнар еді. Олардың болмағаны бізге жақсы.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ