11 және 17 желтоқсан аралығында Норвегияның Аскер қаласында IA дивизиондағы хоккейден жастар әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға шығу үшін Дания, Норвегия, Франция, Венгрия және Словения командаларымен тартысады. Команданың капитаны мен ассистенттерінің аты-жөндері белгілі болды. Бас бапкер Александр Истомин кандидатураларды ұсынғаннан кейін дауыс беру арқылы команданың бірауыздан шешім қабылдауымен жастар құрамасының капитаны ретінде «Барыс» шабуылшысы Дінмұхамед Қайыржан, капитанның ассистенттері болып «Снежные Барсы» командасының форвардтары Дінмұхамед Сапарбек және Алмаз Мұқанов тағайындалды.
ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ