logo
31 мая 2021
​Әлем чемпионаты матчтарына жанкүйерлерді кіргізеді

1 маусымнан бастап, Ригадағы хоккейден әлем чемпионаты матчтарына жанкүйерлерді кіргізеді.

Бұл жөнінде өткен баспасөз конференциясы аясында турнирдің ұйымдастыру комитеті хабарлады. «Арена Ригаға» ең көбі 2660 көрерменнің, Олимпиадалық спорт орталығына 1058 көрерменнің кіруіне рұқсат. Матч кезінде жанкүйерлер ұдайы бетперде киіп, тек өз орындарында отырулары тиіс. Тамақ пен сусындар сатуға тыйым салынған.

Матчқа кез келген адам кіре алмайды, кіреберісте көрермендер екпе алу курсының аяқталғанына 14 күн өткен жағдайда ғана COVID-19-дан екпе алғаны жөнінде сертификат көрсетуі тиіс. Немесе адамның коронавируспен ауырып кеткенін растайын анықтама ұсыну қажет. Бұл ретте егер AstraZeneca екпесі пайдаланылса, бірінші бөлігін алғаннан кейін 22-90 күн өтуі тиіс. AstraZeneca екпесінің екінші бөлігін алғаннан кейін күтудің қажеті жоқ. Матчқа келгеннен кейін өздігінен оқшаулау талап етілмейтін басқа елдердің жанкүйерлері де қатыса алады. Қазіргі таңда әлемдік біріншілікке қатысушы елдер қатарынан мұндай елдер тізіміне Ұлыбритания мен Финляндия кіреді. Бұл ретте олар өздерімен бірге жарамды ковид-сертификатын алып жүрулері тиіс.

Бір қолға екі билеттен артық сатылмайды. Топтық кезеңнің кездесулеріне билет бағасы – 110 еуро, ширек финалға – 165, жартылай финалға – 220, үшінші орын үшін матчқа – 280. Финалдық ойынның билет бағасы – 340 еуро.

Хоккейден әлем чемпионаты 6 маусым аяқталады.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ