logo
27 октября 2023
Қазақстандық жас ойыншылар Bauer амбассадорлары атанды
Қазақстанның хоккей федерациясы мен «Bauer» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында брендтің амбассадорлары таңдалды. Олар – 20 жастағы спортшылар Жанель Козгулова мен Михаил Гулый. Қос хоккейші де конькиден, таяқ пен қорғаныстан бастап, хоккей аксессуарларына дейінгі кәсіби хоккейге қажеттің барлығын қамтитын Bauer өнімдерімен толықтай қамтамасыз етілді.

Жас хоккейшілер ел чемпионатында да, халықаралық аренада да Bauer-ді танытады. Жанель Козгулова – елордалық «Томирис» клубымен бірге өткен маусымда кубокті жеңіп алған ел чемпионы және Қазақстан құрамасының ойыншысы. Михаил Гулый – павлодарлық «Ертістің» ойыншысы. Екінші маусым қатарынан Қазақстанның жастар лигасында да, Pro Ligasy-нда да ойнап келеді. Елдің басты хоккей біріншілігінің өткен маусымында 36 матч өткізді.

«Біз өз жұмысымызда жас дарындарды қолдау мен дамытуға айрықша мән береміз. «Bauer Young Guns» бағдарламасы өз бастауын Солтүстік Америкадан алады және Қазақстан аумағына енді қадам басты!

Бзі жас спортшылар үшін сапалы жабдықтар қаншалықты маңызды екенін түсінеміз және бізбен бірге олар жаңа биіктерге жетеді деп сенеміз» - деді Bauer Hockey Qazaqstan маркетинг-менеджері Глеб Глуховичев.

90 жылдан астам уақыт бойы Bauer хоккей жабдықтарының өндірісі бойынша жетекші әлемдік брендтердің бірі және өзінің Бленвильдегі (Канада) инновациялар орталығының арқасында әзірлемелер саласында көшбасшы саналады.

2022 жылдан бері East Comm ЖШС – Bauer Hockey-дің ҚР аумағындағы эксклюзивті дистрибьюторы.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ