27 ноября 2025
Қазақстан жастар құрамасы Словенияда екі жолдастық матч өткізеді

7–13 желтоқсан аралығында Словенияның Блед қаласында хоккейден жастар арасында IA дивизионының әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы Франция, Австрия, Норвегия, Словения және Украина командаларымен бірге жоғарғы дивизионға жолдама үшін бақ сынайды.
Оқу-жаттығу жиындарының бірінші кезеңі 22 қараша күні «Барыс Аренада» басталды, құрама кеңейтілген құрамда жаттығулар өткізді. 29 қарашада команда Словенияға аттанып, турнирге дайындықты сол жерде жалғастырады. ОЖЖ-ның екінші кезеңі аясында команда екі жолдастық матч өткізіп, 2 желтоқсанда Норвегиямен және 2 желтоқсанда Словениямен кездеседі.
Әлем чемпионатындағы алғашқы матчын құрамамыз 7 желтоқсанда Украинаға қарсы өткізеді. Бұған дейін турнир кестесі белгілі болды.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ