logo
9 декабря 2024
Қазақстан жастар құрамасы Канадада екі жолдастық матч өткізеді
26 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында Канадада хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы «В» тобында Оттавада өнер көрсетеді және Чехия, Словакия, Швейцария және Швеция командаларына қарсы ойнайды. 10 желтоқсан күні Астанада командамыздың жиындарының бірінші кезеңі басталады. 16 желтоқсан күні хоккейшілер Канадаға аттанып, онда дайындықты жалғастырады және екі жолдастық матч өткізеді: 19 желтоқсан күні – Германия құрамасына қарсы, 21 желтоқсан күні Орталық Канаданың хоккей лигасы – CCHL-де өнер көрсететін «Хоксбери Хокс» жастар командасына қарсы ойнайды. 27 желтоқсан күні Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы өзінің алғашқы матчын Швеция командасына қарсы өткізеді. БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ