ІА дивизиондағы жастар арасындағы әлем чемпионатына дайындық аясында Қазақстан құрамасы Данияның Оденсе қаласының жастар командасымен екінші бақылау кездесуін өткізді.
Бірінші кезеңде қонақтар басым болды – матчтың есебін Николай Шульга ашып, екінші шайбаны артық құраммен Станислав Александров салды.
Алайда даниялық команда хоккейшілері үшінші кезеңнің басына қарай екі шайба үшін есе қайтара алды. Үшінші кезеңнің оныншы минутында қазақстандық хоккейшілер Абай Мангисбаев салған голдың арқасында алға шықты.
Матчтың нүктесін Роман Ермак қойып, бос қақпаға шайба дарытты.
МХК «Оденсе» - Қазақстан 2:4 (0:2, 1:0, 1:2)
0:1 – 05:52 – Шульга (Бреус, Касенов)
0:2 – 14:08 - Александров (Шетле, Маркабаев) ГБ
2:1 – 22:42 - #4
2:2 – 41:27 - #98
2:3 – 49:10 – Мангисбаев (Алибек)
2:4 – 59:02 – Ермак (Шульга) – ПВ
Қақпашылар: Скьёльд - Амирбеков
11 желтоқсан күні команда Херсхольмге жетіп, онда 12 күні Венгрия командасына қарсы әлем чемпионатындағы алғашқы матчын ойнайды.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ