Астанадағы ҚР Президенті кубогі Қазақстан құрамасының олимпиадалық іріктеудің финалдық раундына дайындық турнирі болды. Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Болякин турнирді қорытындылап, дайындық бойынша әрі қарайғы жоспарлар туралы айтып берді.
- Олег Владимирович, құрама толық болмады, қандай қорытынды жасадыңыз?
- Әзірге қорытынды жасауға ерте, алайда әрбір ойын өткен сайын жігіттер қалай әрекет ету керектігін түсіне бастады. Ойын өрнегі айқындала бастады, мінез пайда бола бастады. Ойыншылар әрбір ауысымда еңбектену керек деген идеямен жүр. Біз бүгін талқылаған негізсіз аластатуларды жоюымыз қажет. Кем құраммен екі гол өткіздік, жас ойыншылардың қалай ойнайтынын көру үшін арнайы шығардық. Оларға әлі кем құраммен ойнау ерте. Беске бесті олар әрине жақсы ойнады, жақсы энергия берді. Турнир біз үшін маңызды болды, біз көргіміз келетін сәттерді көрдік. Үміткерлердің кеңейтілген тізімін бағалап, бізге кім қажет екенін анықтадық. 22 алаң ойыншысы мен 3 қақпашы Словакияға аттанады.
- Құраманы Олимпиадалық іріктеуге дайындаудың екінші кезеңі бойынша қандай жоспар бар?
- Өкінішке орай, дайындықтың екінші кезеңі біркелкі болмайын деп тұр. Себебі Шестаков пен Метальников тек үшінші кезеңге келеді. Қазір Никита Михайлис, Валера Орехов пен Евгений Рымарев келуі тиіс. Артем Лихотников пен Иван Степаненко кешірек қосылады. Біз толыққанды төрт звеноны анықтадық. 24-25 тамызға дейін барлық ойыншылар келіп, толыққанды дайындық Словакияда өтеді деп ойлаймын.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ