logo
25 апреля 2024
Михайлис, Орехов, Мухаметов – тарихта тұңғыш рет бірден үш қазақстандық Гагарин кубогін жеңіп алды

Күні кеше Ярославта Гагарин кубогі плей-оффының финалдық сериясының төртінші матчы аяқталды. Магнитогорскілік «Металлург» ярославльдік «Локомотивпен» серияда 4:0 есебімен жеңіске жетіп, өз тарихында үшінші рет Құрлықтық хоккей лигасының басты жүлдесін иемденді. Тарихта тұңғыш рет Қазақстан құрамасының бірден үш хоккейшісі – Никита Михайлис, Валерий Орехов пен Максим Мухаметов Гагарин кубогін жеңіп алды.

Қорғаушы Валерий Орехов Магнитогорскіде осымен үшінші маусым ойнап келеді, 2023-2024 маусымының өткен плей-оффында 23 матч өткізді, +7 пайдалылық көрсеткішімен 6(3+3) ұпай жинады.

Никита Михайлис плей-оффтың 23 матчында +4 пайдалылық көрсеткішімен өз есебіне 4 (2+2) балл жазды.

Максим Мухаметов плей-оффтың төрт кездесуі мен тұрақты чемпионаттың 24 матчында ойнап, маусымда 3 гол (3+1) салды.

Хоккейшілерімізді мансап жолындағы жоғары жетістікпен құттықтаймыз және Қазақстан құрамасы сапында күтеміз!

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ