9 декабря 2025
ЖӘЧ-2026. Буллиттер бойынша Словенияны жеңдік

IA дивизионындағы жастар әлем чемпионатының екінші матчтын Қазақстан құрамасы Словенияға қарсы ойнады. Кездесу бойы Васиннің шәкірттеріне қарсыласты қуып жетуге тура келді — есеп айырмасы бір шайбаға да, екі шайбаға да жетіп отырды. Үшінші кезеңде біздің хоккейшілер ақыры есепті теңестіре алды. Ал жеңісті Қазақстан құрамасына матчта шайба соғып қана қоймай, шешуші буллитті де сәтті орындаған Әлішер Сәркенов әкелді.
Қазақстан U20 - Словения U20 5:4 Б (0:2, 1:1, 3:1, 0:0, 1:0)
0:1 - 03:15 - Хробат Племелж (Петрович)
0:2 - 08:18 - Петронижевич Лепса (Бизжак, Хабьянич)
1:2 - 20:14 - Әлібек
1:3 - 33:21 - Шпари Лебен (Петрович, Хробат Племелж
2:3 - 45:53 - Сәркенов Ас. (Әлібек) ГБ
2:4 - 50:26 - Голичич (Петронижевич Лепса, Зупанчич)
3:4 - 52:03 - Әлібек (Сәркенов Әл., Қажыбеков)
4:4 - 53:27 - Сәркенов Әл. (Черкасов)
5:4 - 65:00 - Сәркенов Әл. ПБ
Қақпашылар: Қуат - Хебар
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ