Әлем чемпионатының топ дивизионындағы орынды сақтау матчында Қазақстан құрамасы Германия командасымен кездесті. Есепті біздің хоккейшілер Асанәлі Русланұлы салған голдың арқасында ашты. Алайда қарсылас қарсы шабуыл жасап, есеп теңестірді. Кезеңнің соңына қарай Никита Ситников үстемдікті арттырды. Екінші кезеңде Артур Гросс біздің құраманың үшінші шайбасын салды. Алайда Германия командасы әрі қарай 3-ке 5, ізінше 4-ке 5 артық құрам ұйымдастырды. Үшінші кезеңде қарсылас артық құрам жасап, алға шықты. Алғаш рет есеп бойынша алға шығып, матчта жеңіске жетті.
Германия U20 - Қазақстан U20 - 4:3 (1:2, 2:1, 1:0)
1:0 - 04:33 - Русланулы (Оразов)
1:1 - 04:41 - Шафер (Мауль)
1:2 - 17:46 - Ситников (Мигунов)
1:3 - 22:02 - Гросс (Канкин)
2:3 - 23:58 - Шафер (Зумф, Самански) ГБ
3:3 - 24:19 - Тропман (Зайдль, Зумф)
4:3 - 44:03 - Зумф (Тропман) ГБ
Қақпашылар: Вийяр- Никитин
Осылайша, Қазақстан құрамасы бірінші дивизионның А тобына оралды.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ