logo
31 декабря 2024
ЖӘЧ-2025. Камбэк жасадық, алайда овертаймда жеңілдік

Жастар әлем чемпионаты аясындағы үшінші матчында Қазақстан құрамасы Словакияға қарсы ойнады. Бірінші кезеңде қарсылас жауапсыз үш шайба салды. Екінші кезеңнің басында Артур Гросс қарсы шабуылға шығып, есеп алшақтығын азайтты. Одан кейін қарсылас тағы бір гол салды. Ойынның 37-ші минутында Асанәлі Сәркенов қақпашымен бетпе-бет келіп, құрамамыздың екінші шайбасын салды. Одан кейін Кирилл Ляпуновтың есепке алынбаған голы және Сәркеновтің небәрі 5 минут қалған ойын соңына дейінгі аластатылуы болды. Алайда біздің хоккейшілер мінез көрсетіп, кем құраммен есеп теңестірді. Алдымен Давлат Нуркенов салды, ал одан кейін ойынды овертаймға Кирилл Ляпунов айналдырды. Өкінішке орай, овертаймда қарсылас басым түсті. Жеңіс Словакиянікі – 5:4. 

Словакия – Қазақстан 5:4 ОТ (3:0, 1:2, 0:2, 1;0) 
1:0 – 08:07 – Дворски (Йенчко)
2:0 – 13:19 – Дворски (Пекарчик, Радивойевич)
3:0 – 19:51 – Пекарчик (Дворски, Стрбак) ГБ
3:1 – 22:02 – Гросс
4:1 – 32:36 - Пекарчик (Дворски, Йнчко)
4:2 – 36:14 – Саркенов (Алибек, Решетько)
4:3 - 56:37 - Нуркенов ГМ
4:4 - 59:31 - Ляпунов ГМ
4:5 - 62:55 - Штрбак (Пекарчик) 
Қақпашылар: Никитин - Урбан

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ