Оттавадағы жастар әлем чемпионатының екінші матчын Қазақстан құрамасы Чехияға қарсы өткізеді. Чехиялық «жастардың» негізгі құрамының алты ойыншысы, оның ішінде қақпашысы да 2024 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ойнап, онда біздің команда тарихи жеңіске жеткен болатын. Қазақстан құрамасында да дәл сол жасөспірімдер құрамасының алты ойыншысы бар. Бапкерлер штабы ойынға келесі құрамды ұсынды:
Қақпашы: Никитин (Дударкиев)
Жүсіпбеков (К)- Большедворский, Ляпунов – Бейсембаев – Симонов (А)
Оразов – Решетько, Ким (А) – Русланұлы – Нуркенов
Шақшақбаев - Шипилин, Алибек – Мигунов – Канкин
Ибрагим - Беляков, Ситников - Гросс – Сәркенов
Бас бапкер: Сергей Старыгин
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ