logo
1 января 2025
ЖӘЧ-2025. Қазақстан құрамасы элитадағы орынды сақтау үшін Германиямен ойнайды

Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы бір балл жинап, турнирді соңғы орында аяқтады және 2 қаңтар күні топ дивизиондағы орынды сақтау матчын Германия командасына қарсы ойнайды. Болашақ қарсылас бір де бір жеңіске жеткен жоқ, бір балл жинаған жоқ. Командалар әлем чемпионаты алдында жолдастық матч өткізді. Сол кезде Германия хоккейшілері 4:0 есебімен жеңіске жетті. 2 қаңтардағы кездесу Астана уақытымен 21:00-де басталады.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ