logo
30 декабря 2024
ЖӘЧ-2025. Словакиямен матчтың аңдатпасы

Бүгін Қазақстан құрамасы Оттавадағы жастар әлем чемпионатының топтық кезеңінің үшінші матчын Словакияға қарсы өткізеді. Бір күн бұрын қарсылас 2:4 есебімен Чехиядан жеңілді, алайда чехтар матч бойынша алда жүргеніне қарамастан, ойын тартысты болды. Өзара боратқан соққылар саны шамалас, алайда словактардың біршама соққыны бұғаттағанын ескеру керек, ондай сәттердің бірқатары тіпті IIHF инстаграмының лентасына түсті. Қарсылас та турнирдегі екінші матчын өткізді және қоржынында Швейцарияға қарсы ойындағы жеңіс бар.

Чемпионат басталар алдында Словакия командасы АҚШ және Финляндиямен бақылау матчтарын өткізіп, екеуінде де жеңіліске ұшырады - 2:6 және 0:6. Қарашада 4 матч ойнады, Швеция (2:5) мен Чехиядан (4:5) жеңілді, Финляндия (6:5 ОТ) мен Швейцарияны (3:1) жеңді.

Соңғы рет командалар 2020 жылғы әлем чемпионатында жолықты, сол кезде 5:3 есебімен қарсылас жеңіп, біздің «жастар» үш матчтың екеуінде Германиядан жеңіліп, элитадан шыққан еді.

Тек Словакия құрамасы емес, тұтас чемпионаттың жұлдыздарының бірі – Далибор Дворски («Сент-Луис», №10, 2023 жылғы драфт), ол ЖӘЧ-те төртінші рет ойнағалы отыр, АХЛ-да «Спрингфилдтың» үздік бомбардирі, 26 ойынның нәтижесінде 21 (11+10) ұпай жинады. 19 жастағы шабуылшы үш ойыннан кейін өз командасының 3 (2+1) балл жинаған үздік бомбардирі, сонымен қатар Словакия құрамасы үшін қайтадан ойнайтын 9 ойыншының бірі. Олардың арасында шақырту алған форвард Юрай Пекарчик пен қорғаушы Максим Штрбак юбар.

Қазақстан құрамасы күн бұрын демалды, біздің хоккейшілер мұздағы жаттығуды өткізді. Біздің хоккейшілердің кестесінде Швейцария сияқты ұпай жоқ. Артур Гросс, Кирилл Ляпунов пен Александр Ким бір голдан салды. Қорғаушы Бейбарыс Оразов екі нәтижелі пас берді.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ